- admin
- 12.06.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
11 маусымда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 1-3 курс ата-аналарына арналған «Отбасы және колледж: тиімді түрде өзара әрекеттесу жолдары» тақырыбында онлайн-режимде ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналар қоғамының құқықтық, психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, жасөспірімдердің өмірі мен қауіпсіздігін сақтауда отбасы мен педагогтардың күш-жігерін біріктіру.
Жиналыс барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И.А. Щербакова ата-аналарға оқу жылының аяқталу процесі туралы түсіндіріп, колледж студенттерін аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралы айтып берді. Сессияны өткізу кезінде Академиялық адалдық кодексін сақтау қажеттілігі туралы колледж заңгері Р.Ж. Мусаинова өз сөзінде атап өтті.
АӘТД бойынша ұйымдастырушы-оқытушылар М.К. Нурканов, Р.Р. Фатхудинов ата-аналарға білім алушылардың жазғы уақытта қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауының маңыздылығы туралы түсіндірді.
Қостанай қ. ПБ СПБ капитаны Н.Е. Орынбасарова, колледждің әлеуметтік педагогы А.С. Тажитаева жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу және интернет-тәуелділік пен кибербуллингтің алдын алу сияқты мәселелерді жария етті, жастар ортасындағы құқық бұзушылықтың себептерімен таныстырды.
Колледж психологтары А.Б. Темирбек, Ш.Ш. Кожевина ата-аналарға баланың жеке тұлғасын құрметтеу тәрбиесін және оның проблемаларын түсінуді үйрену туралы ұсыныстар берді, сондай-ақ отбасылық тәрбие аспектілері, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілік бойынша жадынамалар таратылды.