10 ақпанда Қостанай қаласында «ENBEGI JANGAN ARYLAR» кәсіби бойынша үздіктерді анықтайтын Республикалық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Аталған байқау Қазақстан Республикасының іскер әйелдер қауымыдастығі ұйымдастырды және оның 25-жылдық мерейтойына арналды. Байқау әр түрлі салаларда жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби жетістіктерін насихаттауға және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған.
Бондарева Нина Леонидовна арнайы пәндер оқытушысы, Қостанай облысындағы табысты әйелдерінің бірі, білім беру саласының өкілі. Байқау нәтижелері бойынша Бондарева Нина «Кәсіптік білім» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Оған салтанатты жағдайда Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Серсембаева Раушан Бергембаевнаның естелік гравитоны табысталды.
Білім беру саласында Бондарева Нина 11 жыл еңбек етіп келеді. Бондарева Нина Леонидовна жұмыс барысында өзін білікті, адал, тәртіпті, бастамашыл қызметкер ретінде көрсете білді. Нина Леонидовна өзінің лауазымдық, сонымен қатар, қоғамдық міндеттерін де жауапкершілікпен атқарады. БондареваН.Л. негізгі қасиеттері бұл кәсіби шеберлік, біліктілік, мақсатқа жетудегі табандылық, тапсырылған жұмыс үшін жауапкершілік болып табылады. Нина Леонидовна студенттермен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қызығушылығы және жоғары тиімділігі ерекшелеп тұрады. Студенттермен жұмыстың жаңа түрлерін үнемі іздестіру барысында, Нина Леонидовна оларды сынақтан өткізеді, авторлық әзірлемелерді бағдарламалар, жинақтар, әдістемелік ұсыныстар, глоссарийлер түрінде жүйелеп, рәсімдейді. Ол өзінің еңбекқорлығы мен шығармашылығын кәсіби салада өзін-өзі табысты жүзеге асыру үшін шебер қолданады, оның тиімділігі әр түрлі деңгейдегі (қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық) жарыстардағы көптеген жүлделермен расталады. Оның біліктілігін арттыруға деген ұмтылысы біліктілікті арттыру курстарына жүйелі қатысу арқылы жүзеге асырады, бұл сертификаттардың болуымен расталады. Ол ұқыпты, өзіне өте талапшыл. Ол қиын жағдайларда шешімді өз бетінше қабылдай алады және өз қызметінің нәтижесі үшін жауап береді.
Адамдардың резурстық қоры таусылмайды дейді. Бұл бәрінен бұрын оқытушыларға қатысты айтылған. Ең үлкен биікке жеткеннен кейін де – тоқтамау, қандай болса да алға ұмтылу, өйткені алда әлі көп жұмыс бар!
Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4