- admin
- 20.01.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Ағымдыға жылдың 19 қаңтарында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде бөлімдер мен бөлімшелердің іс-қағаздары номенклатурасын қалыптастыру ережелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Семинар спикері – Исмагамбетова А.К., кадр бөлімінің басшысы – номенклатураны қалыптастыру Ережелері, құжаттарды сақтау мерзімдерін анықтау, мұрағатқа құжаттарды тапсыру тәртібі туралы, құжаттарды есептен шығарумен таныстырды. Семинар аудиториясы: директор орынбасарлары, бөлім, кафедра меңгерушілері, мамандармен бөлімдердің іс-қағаздар номенклатурасына сай бар құжаттарға алдын ала талдау жасады. Семинардың екінші жартысында пікірталас форматында спикер бөлім жұмысының ерекшеліктерін есепке ала отыра іс-қағаздар номенклатурасын қалыптастыру бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Материалды дайындаған Кайпбаева Ж.Ш., ОТЖ жөніндегі директордың орынбасары