«Кәсібімізге адалмыз» дөңгелек үстелі

2020 жылдың 29-қазанында Қостанай облысынының білім Басқармасының басшылығымен Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Кәсібімізге адалмыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытудың дуалдық жүйесін енгізудің оң тәжірбиесін таратылды.
Іс-шараның бірінші бөлімінде Қостанай облысы білім Басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мазмұнын дамыту бөлімінің басшысы Алекешова К.А. Қостанай облысындағы дуалдық оқыту жүйесін енгізу мен масштабтау туралы ақпарат беріп өтті. Дөңгелек үстелдің өту тәртібі, мақсаты мен міндеттеріне тоқтала кетіп, іс-шараның өту ретімен таныстырды.
Дуалды оқыту аясында білікті кадрларды дайындау жүйесімен Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ОӨЖ бойынша орынбасары Сатубалдин Ж.К. таныстырды.
Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың тиімді формасы ретіндегі «Колледж – кәсіпорын» өзара әрекеттесуі жайында «СарыаркаАвтоПром» ЖШС кадрларды дайындау бойынша инженер Неспбаев А.А. және колледждің ОӘК меңгерушісі Аяганова Б.З. айтып өтті.
Қостанай облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Казин М.А. өз сөзінде Қостанай облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының дуалды оқытуды дамытудағы рөліне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында жоғары колледж бен «АГРОКОРН» ЖШС арасында дуалды оқыту туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шараның екінші бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын дамыту секторының меңгерушісі Нуртазина А.А. және колледж директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп, өз баяндамаларында дәстүр сабақтастығының маңыздылығына тоқталып, тәрбиенің түп тамыры отбасында екеніне назар аудартты. Минкеновтер, Шудеговтер, Асановтар, Темиртасовтар, Кузбаевтар, Кательниктер, Кирийлер сияқты жоғары колледж студенттерінің отбасылық әулеттерімен таныстырды.
Іс-шараның үшінші бөлімінде колледж директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш. ТжКБ жүйесінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттырудағы WorldSkills-тің рөлі туралы баяндама оқыды.
Дөңгелек үстелдің диалог алаңында қатысушылар – колледждер мен әлеуметтік серіктестер, «Атамекен» ЖК – өздерінің прогрессивті тәжірибелерімен және дуалды білім беруді дамыту перспективалары туралы көзқарастарымен бөлісті.
Жоғары колледжде дуалды білім беруді енгізудің практикалық тәжірибесінің жетістігі мен тиімділігі расталып, ТжКБ әдістемелік кеңесінің «Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 29 қазандағы No33 сертификаты табысталды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар жасалды:
1. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің дуалды оқытуды жүзеге асырудағы тәжірибесі оң деп саналсын және оны пайдалануға ұсынылсын.
2. Студенттердің кәсіби дамуындағы отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамытудағы жоғары колледждің тәжірибесі табысты болып саналсын.
3. WorldSkills қозғалысына жоғары колледждің қатысуы оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің өсуіне және колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуына оң әсер етті.

 

 

 

 

Материалды Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш. дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
189 queries