Жас оқытушылар мектебінің жұмысы әрқашан өзекті

     Қостанай  жоғары  политехникалық  колледжінде  жас оқытушылар мектебі  жұмыс  жасайды. Мектептің мақсаты:

  1. Жас мамандарға теориялық білімді жетілдіруде және педагогикалық шеберлікті арттыруда практикалық көмек көрсету.
  2. Жас оқытушылардың бойында жоғары кәсіби мұраттарды қалыптастыру, үнемі өзін-өзі дамыту мен жетілдіру қажеттілігі, әдістемелік жұмыс арқылы жеке және кәсіби өсуіне жағдай жасау.
  3. Жас мамандарға кәсіби бейімделу, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру және жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету.

       2020-2021 жылғы оқу жылында  жас оқытушылар мектебі  арнайы  және жалпы білім беретін 18 оқытушыдан тұрады. Оқу жылы ішінде жас мұғалімдерге  жоспарлау  құжаттамаларын  рәсімдеуде, сабақ жоспарларын құруда, сабақ өткізуде  және  тағы  басқа  әдістемелік көмек көрсетіледі. Әр бір  жас оқытушыға  тәжірибелі мұғалімдерден  тәлімгер бекітілді. 2020 жылдың 17 қазанында  ZOOM платформасын қолдана отырып, жас оқытушылар  мектебінің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында жас оқытушылар Мектептің жұмыс жоспарымен танысты, жоспарлау құжаттамасын әзірлеуге ұсыныстар берілді, олар сабақ құрастыру және сабақтың мақсаттарын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарды зерделеді.

 

 

Материалды  жас оқытушылар мектебінің  жетекшісі Бажирова Ш.Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
188 queries