Рухани келісім күні

«Келісім болмаса, бірлік болмас,  

Бірлік болмаса, саулық болмас» 
(Абай).

18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Рухани келісім күні – бірлік және бәрін кешіру, мейірімділік пен өзара түсінушілік күні.

Қазақстандықтардың ерекшелігі ұлтаралық және дінаралық бейбітшілік пен келісімі, елімізді мекен еткен барлық ұлттардың достығы мен бірлігі болып табылады.

Аталған мереке аясында колледжде «Рухани келісім күні» атты тақырыбына 1 курс студенттері үшін кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттердің белсенді азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру, түрлі діни сенім адамдарына толеранттылықты дарыту.

 Іс-шара барысында студенттер әр конфессияның маңыздылығы мен бірегейлігін сезінді.

Ақпаратты педагог-ұйымдастырушы А.В.Пушкарева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries