- admin
- 10.02.2020
- No Comments
- Жаңалықтар
7 ақпан күні колледждің акт залында бірінші және екінші курс студенттерінің қатысуымен «Діни экстремизм және лаңкестікті насихаттайтын ұйымдар қаупі» атты тақырыбында сұхбаттасу өткізілді.
Іс-шара мақсаты экстремизм қылықтарын келтірмейтін тұрақты өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, діни экстремизмге және лаңкестікке деген жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастыру, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жастардың қоғамдық санасын азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.
Абдиев Сапаргали Акимбекович, Қостанай облысы әкімдігінің діни істері жөніндегі басқармасының бас маманы діни экстремизм және лаңкестіктің қаупі туралы сұхбат өткізді. Іс-шараға колледждің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Жуков Алексей Сергеевич, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Дюсекеева Людмила Кабдулаевна, колледждің АТТ жетекшісі Байгентов Бауржан Булатович, ТП-25, М-8, ЭБ-15, ТП-23, ЭМ-4, ЭМ-5 топтарынан 90 студент қатысты.
Ақпаратты қоғамдық пәндерінің оқытушысы Б.Б.Байгентов дайындады