- admin
- 25.12.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
2019 жылдың 13-14 желтоқсан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арналған колледж студенттері арасында қазақ күресі бойынша бірінші ашық турнир өтті.
Турнирге 51,60,66,73,81,+81 салмақтық категориядағы 1-4 курс студенттері қатысты. Күресте 40 балуан күш санасты. Балуандардың жарысында шақырылған қонақ, ұлттық деңгейдегі төреші Мейрам Басбаков төрешілік етті.
Турнирдің қорытындысы бойынша чемпион атағына ие болған балуандар:
51 кг салмақтық категориядағы УЭС-10 тобының студенті Зейнуллаев Жанибек,
60 кг салмақтық категориядағы ЭС-12 тобының студенті Айгелов Данияр,
66 кг салмақтық категориядағы ХП-8 тобының студенті Төленді Нурбек,
73 кг салмақтық категориядағы ЭС-12 тобының студенті Нок Нурдаулет,
81 кг салмақтық категориядағы ЭС-12 тобының студенті Айдарбек Ернар,
+81 кг салмақтық категориядағы М-8 тобының студенті Огонисьянс Игорь,
Абсолюттік чемпион атанған ЭС-12 тобының студенті Нок Нурдаулет.
Жабылу шеруінде жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен атаулы грамотталар табысталды.