- admin
- 03.12.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
1- желтоқсан – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне орай Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы – Ұлт көшбасшысы» тақырыбына көшбасшылық сабағы өткізілді.
Көшбасшылық сабағының мақсаты білім беру ұйымы білім алушыларының Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен әйгілі тұлғалардың үлгісінде көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру болып табылады.
Көшбасшылық сабағында студенттердің назарын білімділік, жан-жақтылық, өз күшіне деген сенімділік, сабырлық пен байсалдылық, беріктілік, жауапкершілік, мақсатқа бейімділік пен қайсарлық, ұйымдастыру қабілеттері сияқты түсініктерге аударды.
Ақпаратты Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады