- admin
- 29.11.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
2019 жылдың 29-қарашасында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында «Энергетика» республикалық оқу-әдістемелік бірлігі шеңберінде «Болашақ электриктердің кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру аясында модульді-құзіреттілік тәсілі» семинар- практикумы өтті.
Семинар – практикумның мақсаты 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)», 0911000 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету(түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша мамандар дайындайтын облыстың білім беру оқу орындарында модульді-құзіреттілік тәсіліндегі оқу-жоспарлау құжаттарының мазмұнынында талаптарын бірізділігін құрастыру болды.
Семинар-практикумның бағдарламасы модульді-құзіреттілік тәсілінің технологиясы аясында ашық сабақтар өткізу, «Болашақ электриктердің кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыруда модульді-құзіреттілік тәсілі» панельді пікірталасында модульді-құзіреттілік тәсілдің әдістемелік қолдауынының өзекті мәселелерін талқылау болды.
Семинар-практикум қатысушыларына «Қостанай облыстық Білім Басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім берудің облыстық әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Жумина Жанагуль Серикпаевна өз сөзін жолдады.
Семинар-практикумға облыстың 16 колледжі қатысты. Семинар жұмысының панельді пікірталасында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің, Рудный политехникалық колледжінің, Қазақстандық агротехникалық колледжінің өкілдері баяндама оқыды.
Панельді пікірталастың барысында 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)», 0911000 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету(түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша колледждердің желі қауымдастығын құру ұсынысы айтылды.
Оқу-әдістемелк кабинеті меңгерушісі : Аяганова Бахыт Зайнуловна