Кәсіптерге саяхат

Ы.Алтынсарин атындағы ДБМИ 40-қа жуық оқушысы оқытушымыз Оспанова Мейрамгүл Жүмәділқызының жетекшілігімен кәсіптермен танысуға «саяхатқа» атанды. Бірінші бекетте студенттермен бірге Гүлбану Еркінқызы Кумарова оқушыларды қарсы алды. Олар нан пісіру өнімдерін дайындау және безендіру технологиясы бойынша шеберлік сағатын өткізді, ал қонақтарымыз белсенді қатысып отырды. «Электрмен қамту» бекетінде оқытушыларымыз Азамат Калиев пен Айткуль Мукат энергетика кәсібінің қыр-сырларымен таныстырды. Одан әрі оқушылар ең тәтті зертханасына барды, оқытушыларымыз Балгужинова Жұлдызай Ерденбекқызы және Павлова Любовь Алексеевна 1 курс студенті Кристина Ермолинамен бірге шоколад өнімін дайындау құпиямен және мастикамен жұмыс жасау технологиясымен бөлісті. Сагумбаев Марат Калимханұлы және Кенешов Дулат Дүйсембекұлы оқушыларға бейнемонтаж жасау бағдарламасын көрсетті. Директордың қоғаммен байланысы жөніндегі орынбасары Беков Дастан Салтанұлы колледж тарихы туралы, студенттік іс-шаралары туралы, студенттеріміз бен оқытушыларымыздың жетістіктері жайлы жиналғандарға баяндап берді. Жаекбаева Айнұр Жұмабекқызы оқушыларға халықаралық серіктестігіміз бен шет тілі үйірмесінің жұмысы жайлы ақпарат ұсынды.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries