Бағдарламалау біріктіреді.
- admin
- 13.04.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
Бағдарламашы студенттер Никита Остапенко және Алмат Жанабай, технолог студент Вика Мельничук «ОЗАТ» мектебі базасында Dota 2 киберспорттық пәні бойынша турнирге жиналған облыс мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесті. Студенттеріміз кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізіп, оқушыларға жоғары колледждің қызметі мен бағдарламалау саласындағы студенттердің жетістіктері жайлы ақпарат берді. Кездесу барысында студенттеріміз турнирдің қатысушыларына би және музыкалық нөмірлерімен өз шығармашылық таланттарын көрсетті.
Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады