- admin
- 14.02.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» жобасын іске асыру үшін колледж оқытушылары мектепті бітіретін оқушылармен кездесулерді ұйымдастырды. Болашақта табысқа жету кепілі – болашақ кәсібі мен оқу орнын дұрыс таңдау. Ақпараттық пәндер оқытушылары Вера Задорожнюк және Айгүл Ибатова Қостанай қ. № 7 ОМ оқушыларымен кездесті. Оқушыларды халықаралық серіктестік бағыттары, шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері қызықтырды. Оқушылардың барлық сауалдарына 3 курс студенті, болашақ бағдарламашы Ангелина Паначева жауап берді. Кездесу соңында жоғары колледждің мамандықтар тізімі көрсетілген жарнама буклеттері таратылды.
Қарабалық ауданы мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру түсіндіру жұмыстарын Қоғамммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары Дастан Беков жүргізді. Болашақ студенттерді оқуға түсу, оқу мерзімі мен үйірмелік жұмыстары жөніндегі мәселелері қызықтырды.
Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады