- admin
- 29.01.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай қаласы №4 гимназия мектебінің оқушылары және Затобол мектеп-гимназиясы осы салада кәсіби сынақтарға қатысты. Технологиялық пәндер ЦЭК апталығы аясында оқытушылар мен студенттер шеберлік-сағаттарын өткізді. Балалар кондитер өнімдерін безендіруді ғана емес, сол өнімдерін де татып көрді! «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттері Зияда Нұржан жетекшілігімен студенттер үшін маргарин көрсеткіштерін талаптарға сәйкестігі анықтады.Оқушы Буржакбаева Карина штрих-код өнім кодын есептеун үйретті. Оқушылар нан-тоқаш өнімдерін жасау процесіне қызығушылық танытты, оны оқытушы Рядинская Ирина Малык Настя мен Крамаренко Люба деген студенттерімен бірге көрсетті. Оқушыларға колледж бойынша экскурсия және басқа мамандықтармен танысутыру өткізілді.
Ақпаратты А. Сегізбаева дайындады