- admin
- 01.11.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 31 қазан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжіне Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша Кеңесшісі Лор Кастэн ханымның жетекшілігімен халықаралық делегациясы келді. Шетелдік делегацияны Қостанай Француз мәдени орталығының жетекшісі Гүлнар Кадыровна Жанбуршинова алып жүрді.
Шет тілдерінің оқытушылары Айнұр Жаекбаева, Айымгүл Омарова, Жанна Муслимова және Тоқжан Жумагулова Лор Кастэн ханымын және оның әріптестерін колледж тарихымен, оның негізгі даму кезеңдерімен, қазіргі уақытта іске асырылатын жобалармен, халықаралық серіктестікпен және жоғары колледждің басқа да жетістіктерімен таныстырды.
Кездесу Дөңгелек үстелмен аяқталды, оның барысында серіктестіктің келешегі, сондай-ақ Қазақстандағы Франция Елшілігімен бірлесе өткізетін бірқатар іс-шаралар талқыланды.
Мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша Кеңесшісі Лор Кастэн ханым Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры Алма Дощановаға француздық оқу ұйымдарымен білім саласында халықаралық қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғысын білдірді.