Бүгін ойлану қажет.

Міне, жаңа оқу жылы да басталды, оның аяқталуымен оқушылар- түлектер болашақ кәсібін айқындау қажет. Әрбір түлек өзінің болашағын таңдауда зор жауапкершілікпен қарау тиіс. Оқушылар сұранысқа ие мамандықтары жайлы білікті кеңесті неғұрлым ерте алса, мамандықты таңдауда соғұрлым дәл және айқын бағыт болады. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізе отырып, түлектерге өз мақсатына жетуге көмек беруге асығуда.

Жоғары колледждің оқытушылары Алма Бексултанова және Бауыржан Байгентов Б.Момышұлы атындағы № 5 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесу кезінде өздерін қай жерде көргісі келетіні, өзін және қабілеттерін қалай тексере алатыны және өз білімі мен дағдыларын қай салада қолданыла алатыны жайлы қазір ойлана бастауын атап кетті.  Оқытушылар Гүлнар Аспандиярова және Наталья Горпенко №11 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен сұхбаттаса отырып, сұранысқа ие мамандықтар нарығы жайлы ғана емес, сондай-ақ шетелде біліктілікті арттыру мүмкіндігі туралы баяндады. Оқушылар машина жасау саласындағы жаңа бағытына да қызығушылық білдірді. Қазіргі уақытта аталған сала мамандарын біздің колледжде даярлуда.

Оқушылар колледж студенттерінің жетістіктері туралы ақпарат алды, мысалы, қазіргі уақытта жоғары колледждің түлегі Александр Давыдов eвроSkills чемпионатында веб-дизайн бойынша Қазақстан намысын қорғауда!

Оқушылар шәкіртақы, тегін тамақтану, студенттердің спорттық өмірі туралы, бюджет негізінде оқуға түсу үшін қандай пәндер бойынша дайындалу қажет екені және ашық есік күндердің қай мерзімдерде өтетіні жайлы және т.б. сауалдарын қойды.

Колледждің сайтында ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ мәзірінде ТАЛАПКЕРЛЕР үшін ХАБАРЛАНДЫРУЛАР атты қосымша парағы бар, онда оқушылар үшін қажетті ақпарат орналастырылған.

   

Ақпаратты А.С. Сегизбаева дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries