- admin
- 03.06.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
1-2 маусым күні Қостанай қ. Орталық стадионның базасында «Мейірімді жүрек» Қостанай жоғары политехникалық колледжінің еріктілері «Жас Отанмен» бірлесе мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасында спартакиада өткізілді.
Іс-шара мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың дене шынықтыру және спорттың күнделікті сабақтарына тарту; мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өз денсаулығын нығайтуға және физикалық дамуға қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды өз бетімен дене шынықтыру және спорт сабақтарына тарту; сауықтыру және оңалту міндеттерін шешу.
Екі күн ішінде бадминтон, жүзу, боулинг, дартц, гирь спорты, үстел теннисі, волейбол бойынша жарыстар өткізілді.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады