- admin
- 31.05.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 30 мамыр күні колледжде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні орай «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің басты игілігі» атты тақырыбында кураторлық сағаты өтті.
Іс-шара мақсаты Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды, отансүйгіштік пен азаматтылықты тәрбиелеу болды.
Студенттер Мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролигін қарап, олардың пайда болу тарихымен және мәнімен танысты.
Жастар үшін викторина өткізілді, оның барысында студенттер Қазақстанның рәміздері бойынша тамаша білімдерін көрсете білді.
Аталмыш іс-шаралар танымдық қызығушылықты дамытады, ой өрісін кеңейтіп, студенттердің отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілігін, Мемлекеттік рәміздеріне, тарихи өткеніне және еліміздің ұлттар салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Мақаланы шет тілдерінің оқытушысы Т.К.Жумагулова дайындады