- admin
- 10.05.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
30 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Мейірімді жүрек» еріктілері «Үміт –Надежда» қимыл-тірек аппараты қызметінің бұзылуымен мүгедек азаматтарды қолдау көрсету қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Мен және менің спорттық отбасым» атты отбасылық спорттық іс-шара өтті.
Спорттық жарыстарының мақсаты адамгершілік құндылықтарды жандандыру және отбасы мен некенің жағымды жағын дәріптеу, отбасы мәртебесін арттыру, жастар ортасында отбасылық құндылықтарын көрсетіп, кеңінен насихаттау, кәмелет жастағы балалардың еңбекке жарамсыз және егде ата-аналарына қамқоршылық жасау болып табылады.
Іс-шара барысында барлық қатысушылар уақытты жақсы өткізіп, жағымды эмоцияларға бөленді. Жарыстың соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады