- admin
- 21.04.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
19 сәуір күні колледж тарихының мұражайында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 47 жылдығына арналған «Жанданған беттер» атты зерттеу байқауының қорытынды кезеңі болып өтті.
Байқау колледж тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметінің іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушылар төмендегі бағыттар бойынша өз зерттеу жобаларын ұсынды:
«Колледж жұлдыздарды жандырады», онда колледж түлектерімен, олардың оқыған сәттері, студенттік өмірден алынған түрлі оқиғалар туралы еске алуларымен танысты;
«Іске шеберлер үйретеді» – онда колледж тарихының мұражайына марапат парақтарының түпнұсқаларын, ескі фотосуреттерін және т.б. сыйлаған еңбек ардагерлер-оқытушыларда қонақта болған сәттері.
Тәжірибелі сарапшылар У.И.Сонарбаева – орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушылары, Ф.Б.Овчинникова – тарих пәнінің оқытушылары, Матвиенко Ю.В.- колледж тарихы мұражайының жетекшісі ұсынылған жұмыстармен мұқият танысып, оларды берілген критериялары бойынша бағалады және финалға қатысушыларын анықтады.
Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды ТЗ-21 тобының студенті Диана Винтерголлер иеленді, екінші орынға лайықты болған ЭБ-12 тобының студенті Анель Тулегенова, үшінші орынға ЭБ-13 тобының студенті Динара Селькова иеленді.
Әрине, жұмыстары ұлы жаңалықтар роліне лайықты болмағанмен, әр жоба жасөспірімнің өзіне зор жаңалық, өзін-өзі тану және жеке тұлғаның қалыптасу жолында маңызды қадамы, тарихты түсіну мен барлық ақиқаттың сарқылмастығы болып саналады.
Мақаланы Ю.В.Матвиенко дайындады