«Кәсіп таңдауда байыптылық қажет»

Нақты еңбек нарығының жағдайында жеке тұлға тарапынан өз бетімен шешім қабылдау қажеттілігін ескере отырып, кәсіп мазмұнымен мектеп оқушыларын таныстыру колледжде өткізілетін шеберлік сағаттары көмекке келеді.

Шеберлік сағаттарын өткізу мақсаты мамандықтың мазмұны және болашаққа маңызы туралы ақпарат беру болып табылады. ЦӘК оқытушылары шеберлік сағаттарын өткізу кезінде кәсіп таңдау барысында қажетті іскерліктерін дамыту үшін оқушыларды үрдіске тікелей тартты. Қисынға қатысты және проблемалық жағдаяттарын шешуге тапсырмалар әзірленді. Шеберлік сағаттар өткізу кезінде зертханалық жабдықтармен жұмыс жасау арқылы практикалық іскерлігін дамыту, кәсіпке деген қызығушылығын тәрбиелеу, мотивацияны арттыру секілді міндеттер шешіледі. №11 ОМ 9 сынып оқушылары 1216000 «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша зертханасына келумен қатар, өз бетімен астықтың ластануын, ылғалдығын анықтау, жабдықтармен жұмыс жасап, құжаттаманы толырумен танысу секілді тапсырмаларын орындауға мүмкіндіктері болды. Өз күштерін практикалық сабақтарда сынай отырып, оқушыларды осы мамандық өте қызықтырды. Олар болашақта өзін қамтамасыз етумен қатар, маңсапты табысты болуларына сенім білдіріп отыр. Ең бастысы өзіне сенім және жетістікке ұмтылыс қажет!

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries