Қостанай жоғары политехникалық колледждінің еріктілері «Игі істер жасауға асық» атты акциясы өтті

«Әлемде жақсылықтың артуына мен қажеттінің барлығын жасауым қажет».

Жыл сайын үй иесінің міндеті – антресольден маусымға байланысты киімді және аяқ киімді алып, керек емес – сәннен қалған киім үлгілерін, тар болған, ұнамайтын киімдерді іріктеу. Бұндай заттар әдетте қайда жіберіледі? Қоқыс бактеріне тасталады ма немесе киімдер мен ойыншықтары жиналған қаптары бірнеше ай бойы балконда жаңа иегерлерін тапқанға дейін жатып қалады ма? Шын мәнінде, тек бір ғана дұрыс шешім бар – ол керек емес заттарды мұқтаж адамдарға тарату.

Қостанай жоғары политехникалық колледждінің еріктілері «Әлемді мейірімді етеміз!» жобасы аясында «Игі істер жасауға асық» атты акция өткізілді.

Акция мақсаты мұқтаж балаларға көмек көрсету. Жылы киімдер, аяқ киімдер, оқу құралдарын және қиын өмірлік жағдайға түскен отбасыларға балалар ойыншықтарын жинау, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыларынан балаларына көмек көрсету.

Акция өткізу нәтижесінде 15 бала үшін жылы киімдер мен сыйлықтар жинауға мүмкіндік болды.

Акция жастарды қиын жағдайға қалғандарға көмек көрсетіп, өз жылулығымен мұқтаж адамдармен бөлісуге үйретуге шақырылған.

Әлеуметтік белсенді қызметі жасөспірімдерді келесі азаматтық қызметіне дайындайды, олар әлеуметтік тәжірибе жинақтап, өз бетімен жоспарлауға және ойлағанын іске асыру іскерлігін қалыптастырады, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті алуға үйретеді. Студенттер құрдастармен және үлкендермен серіктестік жасауға үйренеді.

Аталған акция студенттерді, ата-аналарды, педагогтарды біріктіріп, ортақ іске айналды.

 

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries