- admin
- 07.03.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
26 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Рагим Абиловпен кездесу өтті. Елімізде бұл мереке 2016 жылдан бастап ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен атап өтіледі. Атап өту күні ҚХА құрылу күні – 1 наурыз күні таңдап алынды. Бұл күні түрлі этностардың өкілдері депортация жылдары көрсетілген қонақжайлылығы мен шыдамдылығы үшін қазақтарға және бір-біріне алғыс білдіре алады.
Аталған іс-шара мақсаты жаңа мерекелік күн – Алғыс айту күнінің тарихи негізі мен мәнін ашу, студенттердің ұлтжанды сезімдері мен көпұлтты Қазақстанның тарихына деген мақтанышын тәрбиелеу, ұлтаралық қоғамда құрмет пен толеранттылықты тәрбиелеу болып табылады.
Рагим студенттерге Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, Ассамблеяны құру мақсаты жайлы және Қостанай облысында Достық Үйімен өткізілетін іс-шаралар туралы баяндап берді.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог Пушкарева А.В. дайындады