- admin
- 18.02.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
17 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі-Астана» қалалық дебаттық турнирі өткізілді. Осы турнирге Қостанай жоғары политехникалық колледжі «Мұрагерлер» дебаттық клубы мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Ахмет Ұрпақтары» дебаттық клубынан 8 құрама командасы қатысты.
Турнирдің мақсаты дебаттық қозғалысты дәріптеу, студенттердің демократиялық қоғамды, елімізді дамытуға, олардың пайда болуы мен тиімді күресуіне қатысты өзекті проблемалық жағдайларды көпшілік алдында талқылау және бірлесе отырып талдау арқылы әлеуметтік және шығармашылық белсенділікті арттыру.
Спикерлер мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелерін талқылап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады