- admin
- 29.01.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 24 қаңтарында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.
Талқылауға студенттер, нақты айтқанда колледж белсенділері, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Л.К.Дюсекеева, жастар комитетінің төрағасы Д.С.Беков, оқытушылар У.И.Сонарбаева, Б.Б.Байгентов қатысты.
Спикерлер Президент Жолдауы бойынша презентацияларын дайындады, төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалар секілді терең және қарқынды өзгерістер заманына ену кезінде орындауға қажетті 10 міндеті талқыланды.
Студенттерді жетінші басымдылық – Адами капиталының жаңа сапасын қамтамасыз ету және тоғызыншы – Ақылды ұлт үшін ақылды қалалар атты мәселелері өте қызықтырды.
Сөз сөйлегендер Елбасының барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім берудің озық жүйесін дамыту қажеттілігі жайлы айтқан тармақтарына зор назарларын аударды. Білім берудің негізгі басымдылығы өзгерістерге және жаңа білімдерді меңгеруге үнемі бейімделу қабілеттерін дамыту болуы керек.
Студенттер мен оқытушылар талқылау барысында елімізде және жаһанда өмір сүру және қызмет ету үшін қажетті деңгейде үш тілді білу секілді Жолдаудың аспектілерін белгіледі. Елбасымыз айтқандай: «Кез келген ұлт азаматы кез келген жұмысты еліміздің Президент лауазымына сайлануына дейін таңдай алады. Қазақстандықтар бір ұлт болмақ».
Іс-шара қатысушылары ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының маңыздылығы жайлы және ол еліміздің маңызды саяси оқиғасы болып табылатынын атап өтті.
Колледж студенттері мен оқытушылары Президенттің Жолдауын қолдады. Кезекті Жолдау еліміздің болашақта жаңғыруының маңызды ынталандырмасы болып табылды, сондай-ақ әр қазақстандық үшін әрекет етуде басшылыққа алуға келеді. Елімізде жаңа әлемнің көшбасшылар қатарына енуге барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер бар. Ол үшін Елбасымыз қойған міндеттерді шешуге бар ықыласпен және ынтамен жасауымыз қажет.
Ақпаратты қоғамдық пәндерінің оқытушысы Байгентов Б.Б. дайындады