Педагогтардың біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа білім беру үлгісін және инфрақұрылымын сәтті жасаудағы негізгі факторларының бірі отандық оқу орындары кадрлық әлеуетінің еліміздің дамып жатқан экономикасына және халықаралық талаптарына деген сұранысына баламалығы болып табылады.

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа формациядағы салааралық кәсіптік және педагогикалық білімдеріне, іскерлігіне, дағдыларына және  құзыреттеріне ие алғыр, бейімді, тәуелсіз оқытушылар қажет.

ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында бірінші кезектегі міндеттері педагогтарды инновациялық қызметінің саласында біліктілігін арттыру, бұл сәтті кәсіптік қызметіне, кәсіптік және жеке тұлғалық өсімін жобалай алатын  кәсіптік білімдерін жаңартуға дайын педагогтарды қалыптастырудан болады.

Соған байланысты жыл сайын Қостанай жоғары политехникалық колледжінде біліктілік арттырудың қысқа мерзімді курстары өткізіліп келеді.  

Келген 2018 жыл да оған бірыңғай жағдай. Халықаралық, республикалық жетекші орталықтарында қайта даярлаудан өткен жоғары және бірінші санатты педагогтары CLIL әдістемесін оқыту, Web – қосымшаларын, бұлтты технологияларын, үш тілділікті қолдану бойынша заманауи шеберлік сағаттарын өткізді.

Барлығы 17 интерактивті семинары 2018 жылғы қаңтар айының бірінші аптасында өтті.

Қысқа мерзімді курстар жұмысына жоғары колледждің барлық оқытушылары қатысты.

Шеберлік сағаттар іссіз өтпейді, көптеген оқытушылар алған білімдерін өздерінің сабақтарында белсенді түрде қолданады. Бұл осындай секілді оқытатын іс-шараларды өткізудің үздік нәтижесі болып табылады.

Мақаланы ИМО меңгерушісі К.К. Байтурсынова дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries