- admin
- 08.12.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
Білім алушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың позитивтік өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында 6 желтоқсан күні колледжде «БІЗ СӨС үшін» атты тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға белсенділікке, өз бетімен жетілуге, өзін және анықталмаған әлеуетін тануға бағытталған жаттығулары ұсынылды. Әр өткізілген жаттығу салауатты өмір салтын насихаттайды, жағымды көңіл-күй мен қуаттылықты береді.
Студенттер аталған тақырыпты қызумен талқылап, белсенді ат салысты. Тренингтік сабақ қатысушылардың бір-біріне қошеметімен аяқталды, сондай-ақ студенттер күнделікті осындай сабақтар өткізіп отыру ниетін білдірді.
Ақпаратты колледждің педагог-психологы А.М.Кадиршинова дайындады