- admin
- 04.12.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
«Әлемде тәуелсіз қазақ елі бар. Ғаламшарда дербес Қазақстан бар. Оның келісім мен бірлікте өмір сүретін көп ұлтты халқы бар. Қуатты экономикасы мен сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – ертеңгі күні бар, бүгіннен де жарқын және мазмұнды. Бізді осының барлығына деген мықты сенім біріктіреді»
Н.Ә.Назарбаев
2017 жылдың 29 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында колледжде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты саптүзер өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан дамуындағы тарихи рөлін көрсету, тәуелсіз даму кезеңіндегі Қазақстанның жетістіктері мен ұлтаралық бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттау.
Өткізілген іс-шара студенттердің ұлтжандылық, азаматтылық сезімін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге себеп болды.
Ақпаратты педагог-психолог А.В.Пушкарева дайындады