- admin
- 20.11.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
Армандар, ниеттер, үміттер, қажетті болуға талпыныс – бұның барлығы әрқайсысымыздың бойымыздағы қасиеттер. Алайда бір ауыр БІРАҚ дегені бар?
Кейбіреулері интернатта кәмелетке толғанша тұрады, сосын өз бетімен өмір сүріп кетеді. Ондай балаларды ешкім күтіп, көмек бермейді, олар үшін жаңа әлемде жақындарысыз үйрену қиынға соғады, сондықтан көпшілігі өзін таба алмай, ішімдікке салынады, қаңғыбас болып, түрмеге түседі. Біз сыртынан қарап тұрмай олардан барынша көмегімізді аямауымыз керек.
Толеранттылық онкүндігі аясында колледждің еріктілері Достық үйінің өкілдерімен бірлесе отырып, Қостанай облыстық балалар үйіне барған болатын.
Баруларының мақсаты толеранттылық қағидаларына, жастар арасындағы өзара көмек көрсету және құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс-шара аясында колледждің еріктілері ұжымды тұтастыру үшін бірқатар тренингтер өткізілді, толеранттылықтың белгісін көрсетуге тырысты.
Қандай бала болса да, олардың кемшіліктері қарап отыру дұрыс емес, керісінше олардың ішкі әлеміне шолу жасап, олардың адамгершілігіне қарау қажет.
Мен сол балаларға шын ниетіммен денсаулық, оқуда жетістіктер, ашық аспан, сондай-ақ жолдарында кездесетін қиындықтар мен тауқыметтерді жеңіп, өз мақсаттарына сенімді жетулеріне тілектеспін.
Ақпаратты педагог-ұйымдастырушы А.В.Пушкарева дайындады