«Әскери-спорттық эстафета»

2017 жылдың 13 қараша күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ҚРҚК құрылуына 26 жылдығына және алғашқы әскери дайындығы мен дене тәрбиесі апталығына арналған 1 курс студенттері арасында «Әскери-спорттық эстафетасы» өтті.

Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері әскери борышын атқаратын жақырылатын жастарды дайындау, қозғалыс дағдыларын дамыту, ұлтжандылық пен достық сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараға Қостанай қ. Қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының әскериден тыс дайындау бөлімінің бастығы Алмат Боранбаевич Бигайдаров, дене тәрбиесінің оқытушысы Виктор Вячеславович Щербаков, колледждің медициналық қызметкері Айгуль Рамазановна Мулдагалиева шақырылды.

Әр команда құрамында 6 адам болды. Эстафета 5 кезеңнен тұрды: газтұтқышпен жүгіру, автоматты толық емес бөлшектеп және жинау, пневматикалық винтовкадан ату, медициналық дайындық, капитандар конкурсы.

Өткізілген эстафета қорытындылары бойынша қатысушылар сергектік қуатын алып, әскери дағдыларын жақсартты және спорттық көрсеткіштерін де арттырды. Бірінші орынды Э-9,ХП-13 топтары иеленсе, екінші орынды  (ТЗ-21,ТП-19) топтарының құрама командасы және (М-6,ЭС-9,ЭБ-12) топтарының құрама командасы жеңді, үшінші орынды ХП-12, ТЗ-20 топтары басты. ХП-11 және ТП-17 топтары қатысу үшін грамотасымен марапатталды.

Осы эстафета әскери-патриоттық және білім алушылардың дене тәрбиесін көрсетеді, ұжымды ұйымдастырушылық нығайтуға оңды әсерін тигізеді, ер балалардың қоғамдық белсенділігін дамытуға себеп болады, болашақ жауынгерге, Отан қорғаушыға қажетті қасиеттерін қалыптастырады.

Мақаланы дайындағандар: Фатхудинов Р.Р., Нурканов М.К


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries