- admin
- 07.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Мұғалімдер күніне арнап 1 СИБ-2 тобының студенттері оқытушыларына фотосуретке түсу үшін тамаша сыйлық әзірледі – түрлі-түсті фоторамка. Бұл шара күн сайын білім мен тәжірибелерін бөлісіп, студенттерді жаңа жетістіктерге жетелейтін мұғалімдерге деген алғыс пен құрметтің нақты бейнесіне айналды.
3 қазанда колледжде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. 1 СИБ-2 тобының студенттері кураторлары Ягалеева А.Ш. бірлесіп оқытушыларға ерекше сыйлық дайындады – мерекегі көз тартар «түрлі-түсті тақырыптық фоторамка». Студенттер күні бойы оқытушылардың кабинеттеріне барып, құттықтап, мерекелік рамкада фотосуретке түсулерін ұсынды. Барлық жерде жылы сөздер, күлкілер және жақсы тілектер естілді.
«Біз бұл күн есте қалатын болсын деп қаладық, – деп бөлісті 1 СИБ-2 тобының студенттері. – Оқытушыларымыз біздің оларға қаншалықты баға беретінімізді сезсін. Еңбегіңіз, сабырыңыз және рухтандыруларыңыз үшін рахмет!»
Қарапайым, бірақ шынайы болған бұл акция студенттерге білім мен тәжірибелерін, жандары мен жүректерін арнайтын адамдар – педагогтарға деген алғыс пен құрметтің белгісіне айналды. Мерекелік фотосуретке түсу тек әдемі сәт ғана емес, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасындағы бірлік, достық және өзара құрметтің символы болды.
Материалды дайындаған: 1 СИБ-2 тобының кураторы – Ягалеева А.Ш.



