- admin
- 08.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
12 адамнан тұратын «Мейірімді жүрек» жасағының еріктілері жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп «Жеңіс үшін атама рахмет» патриоттық акциясына қатысты. Іс-шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жерленген әуежай ауданындағы зират аумағында өтті.
Акцияның мақсаты-тарихи жадыны сақтау, жеңімпаздар ұрпағына алғыс білдіру, сондай-ақ жастардың Отанын қорғаған сарбаздардың ерліктеріне құрмет көрсету.
Студенттер қоқыстарды, құлаған жапырақтарды алып тастап, ескерткіштерді тазалап, қабірлердің айналасын абаттандырды. Әрбір әрекет құрбандығы бейбіт өмір сүруге мүмкіндік берген батырларға деген шынайы мақтаныш пен ризашылық сезімімен бірге жүрді.
Мұндай бастамалар есте сақтау орындарын ретке келтіруге ғана емес, жас ұрпақтың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік және өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Акция халықтың ұлы ерігін есте сақтау ісіне маңызды үлес болды.
Ақпаратты дайындаған: ЖІК инспекторы Б. Е. Айтпаева




