- admin
- 04.03.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
3 наурызда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Жастар және діни экстремизм мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жастарға шынайы діни құндылықтар мен экстремистік идеологияларды ажыратуға, экстремистік ағымдарға тартудың белгілері мен әдістері туралы хабарлауға көмектесу. Жастардың сыни ойлауын, діни экстремизмнің тәуекелдері және оның алдын алу әдістері туралы хабардарлығын қалыптастыру, сондай-ақ толеранттылық пен әртүрлі діни көзқарастарды құрметтеуді дамыту.
Шараға ЭС-21 тобы қатысты.
Күтілетін нәтижелер:
Діни экстремизм мәселесі туралы жастарды ақпараттандыру.
Ақпаратты талдау және сыни қабылдау дағдыларын дамыту.
Жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту
Шара соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісті.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Ахметжанова Д.К.

