- admin
- 09.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 9 сәуірде колледжде, және топтары студенттерінің ювеналды полиция инспекторымен кездесуі өтті.
Іс-шара жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын, салауатты өмір салты заңдарын сақтауға дайындығын, әлеуметтік-құнды мінез-құлық нормаларын меңгеруін, есірткінің адамның денсаулығына және оның әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсері туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Дәріс барысында ювеналды полиция инспекторы студенттерді есірткі заттарын заңсыз сақтаумен, сатумен және пайдаланумен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік шараларымен таныстырып, нашақорлықтың салдарын талқылады. Білім алушылар әр адам өз таңдауын жасай отырып, өз тағдырын өзі анықтайды деген қорытынды жасады.
Сонымен қатар, студенттерге әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. Ювеналды полиция инспекторы заңдарды сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл кездесу колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы маңызды қадам болды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
