Жарақаттанудың алдын алу

Алдын алу дегеніміз – бұл адам денсаулығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жарақаттанудың, аурулардың әртүрлі себептерін жоюға, ағзаның қорғаныс күштерін арттыруға бағытталған шаралар кешені.

Жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алуға арналған айлық шеңберінде 2021 жылдың 16.04. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Қауіпсіз өмір» тақырыбында дәріс өткізілді

Іс-шараның мақсаты студенттерді жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу шаралары туралы хабардар ету, өзін-өзі сақтау дағдыларын қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында СӨС орталығының үйлестірушісі Д.Е. Есентаева жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету, зардап шегушіні қалай тасымалдау, Жарақат кезінде психологиялық көмек көрсету және өзіне-өзі көмек көрсету туралы айтып берді.

Іс-шара соңында Динара Ерлановна дені сау болу үшін келесі ұсыныстар берді:

1 Дене шынықтырумен айналысқан кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

2 Өткір кескіш заттармен жұмыс істеген кезінде абай болыңыз.

3 Оңай жанғыш заттармен абай болыңыз.

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Ақпаратты колледждің медицина қызметкері А.Р. Мулдагалиева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries