- admin
- 01.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 1 қазанында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде “жанжалды жағдайлардың алдын алу”тақырыбында тренинг өтті. Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің жанжалдарды сындарлы шешу дағдыларын қалыптастыру, эмоционалды интеллект пен тиімді тұлғааралық өзара әрекеттесу қабілетін дамыту болып табылады. Іс-шараға колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттер талқылауларға, рөлдік ойындар мен практикалық жаттығуларға белсенді қатысты. Студенттік ортада жанжалдардың пайда болуының негізгі себептері қарастырылды, жанжал жағдайындағы мінез-құлықтың әртүрлі стратегиялары (ынтымақтастық, компаға келу, болдырмау, бейімделу, бәсекелестік) зерттелді және диалогтағы шиеленісті азайту үшін “мен-хабарламалар” және белсенді тыңдау әдістері пысықталды. Өзін-өзі бақылау мен эмпатияны дамытуға ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында қонақтардың, студенттердің, педагогтардың және т. б. пікірлері тыңдалды.. Студенттер алған білімдерінің практикалық пайдасын атап өтті, игерілген техниканы күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін білдірді және ұйымдастырушыларға қызықты әрі өзекті тренинг үшін алғыстарын білдірді. Оқытушылар колледжде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін осындай іс-шараларды үнемі өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Науменко Т. В.
# адал_азамат




