- admin
- 09.06.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ.
Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Б-6 тобында «Жалған діни ағымдардың теріс мәні туралы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты діни лаңкестіктің алдын алу, оның зардаптарын түсіндіру, қатер төндіретін жат ағымдардан сақ болуға үйрету, жасөсіпірімдерді Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Діни наным – сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой – өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Ақпаратты дайындаған: тарих пәнінің оқытушысы Ахметжанова Д.К.
