- admin
- 12.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Қазіргі терроризм бірін-бірі толықтыратын процестер кешенінен тұратын күрделі жүйені білдіреді. Терроризмнің пайда болуы мен таралуы белгілі бір тарихи алғышарттарға ие және ішкі экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессиялық қайшылықтармен, сондай-ақ сыртқы, соның ішінде бүкіл әлемдік қоғамдастыққа ортақ террористік қауіптермен байланысты.
Террористік актілердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы сезімді тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыс мақсатында ЭC-24 тобында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша семинар өтті.
Семинардың мақсаты-ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ жастар арасында түрлі қақтығыстардың алдын алу.
Іс-шара спикерлері семинарға қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары туралы айтып, тыңдаушыларды заңнамалық актілермен, елдегі діни ахуалмен және интернет-кеңістіктегі ақпараттық жұмыс әдістерімен таныстырды.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Шектыбаева Л. Ф.
