Жаңадан бастаған педагогтер мектебінің  (ЖБП) отырысы

2025 жылғы 11 қыркүйекте колледжде Жаңадан Бастаған Педагогтер мектебінің  (ЖБП) кезекті отырысы өтті, онда әдістемелік және тәрбие қызметінің негізгі мәселелері қаралды.

Колледж әдіскері  Казиева  У.Ж. жұмыс бағдарламаларын құрастыру әдістемесін түсіндірді. Жас педагогтер оқу пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын құрастыру алгоритмімен танысты. Оқу жоспарының құрылымы, мақсаттар мен нәтижелерді тұжырымдау, сондай-ақ оқу материалын таңдау қарастырылды.

Директордың оқу жұмыс жөніндегі орынбасары Щербакова И.А теориялық оқыту журналын толтыру және басқа да оқу құжаттамаларын жүргізу ерекшеліктері туралы айтып берді. Қатысушыларға құжаттарды дәл және дұрыс толтыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

 ЖБП жетекшісі Каркабатова С.Э. «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы  аясында “Педагогтар мен ата-аналар: жанжалдардың алдын алу” тақырыбында әдістемелік сағат өткізді.

Қатысушылар оқытушылар мен ата-аналар арасындағы жанжал жағдайларының себептерін, сондай-ақ олардың алдын алудың тиімді әдістерін талқылады. Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және ата-аналар қауымдастығымен сенімді қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылды.

Отырыс жақсы атмосферада өтті. Жас мамандар тиімді кәсіби қызмет үшін қажетті және пайдалы ақпарат, әдістемелік материалдар мен практикалық ұсыныстар алды.

                                                                       ЖБП жетекшісі Қарқабатова С.Э.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries