Жаңадан бастаған оқытушыларға арналған оқыту семинары

2023 жылғы 30 қарашада директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л. К. Дюсекеева жас педагогтарға “Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесінің ерекшеліктері: бағалау критерийлерінен оқу нәтижелеріне дейін” тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Спикер мақсат қою – бағалаудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Мақсаттар неғұрлым нақты тұжырымдалған болса, бағалау соғұрлым тиімді және дәлірек болады. Мақсаттарға сәйкес оқытушы білім алушыларға арналған тапсырмаларды құрастырады және бағалау құралдарын таңдайды, сондықтан нақты бағалау құралдарын (тапсырма, жаттығу және т.б.) таңдау керек, ал тапсырмалар репродуктивті емес, проблемалық сипатта болуы керек.

Оқыту семинарына қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті.

Материалды дайындаған колледж әдіскері  Казиева У.Ж.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries