- admin
- 19.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 11 қыркүйекте колледж базасында, Еңбек күні қарсаңында және Жұмысшы мамандықтар жылының Өңірлік жоспарын іске асыру аясында дуалды оқу нысаны бойынша студенттер үшін жұмысшы біліктіліктер бойынша мастер-класстар өткізілді.
Іс-шараға 350-ден астам студент қатысты. Мастер-класстар келесі бағыттар бойынша өткізілді:
– Бағдарламалық кешен операторы
– Бухгалтер-кассир
– Электр жабдықтарын монтаждаушы
– Элеваторлық, диірмен, жарма және құрама жем өндірісінің аппаратшысы
– Слесарь-жөндеуші
– Наубайшы
– Веб-дизайнер
– Кондитер
Қатысушылар мастер-класстардың келесілерге мүмкіндік бергенін атап өтті:
– болашақ мамандықтың ерекшеліктерін жақсы түсіну;
– теориялық білімді тәжірибеде бекіту;
– жұмысшы және техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру.
Мастер-класстарды өткізу мамандарды даярлаудағы маңызды кезең болып, дуалды оқыту нысанының өзектілігін растады.







