- admin
- 05.05.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
“Қостанай жоғары политехникалық колледжі” КМҚК-нің екінші, үшінші, төртінші курс студенттерінде қашықтықтан оқыту форматында білім алу екінші оқу жылына созылып отыр.
Алайда, бүгінде қашықтықтан оқыту ешкімді де, педагогтерді де, студенттерді де, ата-аналарды да қорқытпайды. Колледжде тәжірибелі ғана емес, жас педагогтардың да онлайн сабақтарын өткізудің практикалық дағдылары нақты жолға қойылған.
Сабақтарда студенттермен жұмыс жасаудың келесі түрлері белсенді қолданылады:
– студенттердің оқыған тақырыбы бойынша білімдерін шыңдауға арналған электронды ойындар;
– студенттер онлайн-сабақ барысында дайындайтын және “қорғайтын” тапсырмалар;
– педагогтердің өздері басты рөл атқарып, студенттерге сабақ тақырыбы бойынша практикалық амалдардың дұрыс орындалуын көрсететін оқыту роликтерінің бейнесабақтарын көрсету және т. б.
Оқытушылардың сабақтарда LearningFpps.org бағдарламасын пайдалануы студенттердің жаттықтырушы тапсырмаларды, қатынасын табуға, толықтыруға арналған және т. б. тапсырмаларды орындауға деген қызығушылығын арттырады.
Студенттер оқытушыдан айтарлықтай қашықтықта болғанына қарамастан, олардың әрқайсысы зерттелетін тақырып бойынша өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтар қойып, уақтылы құзыретті жауап ала алады. Колледж оқытушылары студенттердің тапсырмаларды орындау деңгейін жүйелі түрде қадағалайды және оларды одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.
Педагогикалық ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейі жоғары болып, студенттердің таңдаған мамандығын сапалы меңгеруге деген ынтасын қолдауға ықпал етеді.