Құқықтық сағат

2024 жылғы 2 қазанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Қостанай облысы полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Абеуов М.Н. және Қостанай қаласы полиция басқармасының солтүстік полиция бөлімі қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жангелді Әлиби студенттермен «Киберқылмыстардың алдын алу және дропперлердің жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық білімді насихаттау, сондай-ақ жастардың заңдарды құрметтеу мен сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастыру болды.

Өз сөздерінде полиция қызметкерлері студенттерге киберқылмыс, дропперлердің жауапкершілігі және құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік берді.

Дюсекеева Л.К., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары

#Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries