25.02.2021 ж. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде алғыс айту Күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, сонымен қатар, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық байланыстарды нығайту мақсатында өтті.
Қатысушылар саны 20 адамды құрады.
Іс-шара барысында студенттердің өзін өзі басқару ұйымының көшбасшысы Старкова Анастасия аталған мерекенің шығу тарихымен таныстырды және Ризашылық күні – бұл біздің еліміздің барлық азаматтары үшін депортация мен қуғын-сүргін жылдарында иық тірескен кездерден, қиын-қыстау кезеңнен өткен бір-біріне деген құрмет күні екенін баса айтты.
Тақырыптық кездесу аясында студенттерге Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, әйгілі ақын, жазушы, журналист Мин Федор Миковичпен сөйлесудің ерекше мүмкіндігі болды..
Федор Микович қазақ халқына және барлық этностар мен ұлттардан шыққан Тәуелсіздіктің нығаюына және қалыптасуына үлес қосқан барлық азаматтарға ризашылығын білдірді, сонымен қатар, өз отбасының қуғын-сүргінге қалай куә болғандығы және жер аударудан аман қалғандығы туралы айтты.
Іс-шара ТЗ-26 тобының бірінші курс студенті Ксения Евсееваның орындауындағы «Қазақстан жері» музыкалық шығармасымен аяқталды.
Ақпаратты Мурзагалиева Д.С., ЖІЖ инспекторы дайындады.
Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4