- admin
- 18.03.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 17 наурызда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 1-курс студенттеріне туберкулездің алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті медицина қызметкері Аманжулова У.К. жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге туберкулездің алдын алу, бұл аурудың көріністері, таралу жолдары және онымен күресу шаралары туралы ақпарат беру болды. Дәріс барысында медицина қызметкері студенттердің бұл мәселе бойынша хабардарлық деңгейін анықтап, туберкулездің жұғу жолдары, оны анықтау, қауіпсіз мінез-құлық және жұқтырудың алдын алу мүмкіндіктері туралы сенімді ақпарат берді. Қатысушылар ақпаратты мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы
#Біртұтас_тәрбие
