- admin
- 03.04.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда.Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат кұралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Студенттерге осы тақырыпта толық мәлімет беру үшін ХП-19 тобында дәріс өткізілді. Негізгі мақсаты діни экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Дәріс барысында студенттер сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы:
Ахметжанова Д.К.