- admin
- 18.10.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылғы қазан айының 14 мен 18 аралығында Ақтау қаласында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің IV Республикалық конкурсы өтті. Байқау келесі құзыреттіліктер бойынша өткізілді: «Аспаздық іс», «Наубайхана ісі», «Кондитерлік іс», «Мейрамхана ісі», «Қонақүйді әкімшілендіру», «Киім дизайны» және «Цифрлық модельдеу». Конкурсқа «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушылары, өңірлік кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша – Рядинская Ирина Анатольевна және «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша – Пупышева Ксения Сергеевна қатысты. Олар біздің облысымыздың намысын Республика деңгейінде қорғады.
Осылайша, Рядинская И. А. байқаудың бірінші күні француз багетін, бидай-қарақұмық ұнынан жасалған “Денсаулық” нанын, итальяндық bomboloni пончиктерін пісірді; екінші күні – классикалық және бадам круассандары, “Олимпиада”тақырыбындағы Art композиция дайындады.
Пупышева К.С. бірінші күні изомальттан мүсін, мастикадан фигура жасады, екінші күні «Гиньоль» театры» тақырыбында бенто-торт, кәмпиттер мен торттар миниатюраларын жасады.
Байқау қорытындысы бойынша біздің оқытушылар жеңімпаз атанып, келесі жүлделі орындарға ие болды:
- Рядинская Ирина Анатольевна – «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша 2 орын,
- Пупышева Ксения Сергеевна – «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша 2 орын.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылық шабыт тілейміз!
#Біртұтас_тәрбие