- admin
- 27.05.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
27 мамырда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Эколог күніне және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара өтті. Кездесу барысында студенттер Қазақстандағы және туған қаламыз Қостанайдағы өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға жиналды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға әсер ететін негізгі мәселелерді анықтау, олардың пайда болу себептерін түсіну. Бұл мәселелердің табиғатқа да, адам денсаулығы мен әл-ауқатына да тигізетін зардаптарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытты: олар экология саласында жақсы білімдерін көрсете отырып, викторинаға қатысты және нақты экологиялық жағдайларды шешу жолдарын ұсына отырып, ситуациялық есептерді шешті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары ауа мен судың ластануы, қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері болды. Жиналғандар экологиялық білім беру мәселесіне және жастарды ерікті жасақтарға тарту қажеттілігіне баса назар аударды.
Іс-шара ұжымдық қорытындымен аяқталды: таза қоршаған орта – ұлт денсаулығының негізі және таза болашақтың кепілі. Сондықтан әр адам өзінен бастап табиғатты сақтауға үлес қоса алады: қалдықтарды сұрыптап, суды үнемдеп, ағаш отырғызып, қоршаған ортаны ластамау.
Мақаланы дайындаған: Хусаинова А.Т.

