ТАЗА ҚАЗАҚСТАН акциясы
- admin
- 25.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 25 қыркүйекте «Машина жасау технологиясы» мамандығы 2М-13 топтың студенттері куратор Д.К. Иргибаевамен бірге «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық акциясына белсене қатысты. Балалар қажетті мүкәммалмен қаруланып, колледж аумағын құлаған жапырақтан бірлесе және жедел тәртіпке келтірді. Күзгі сенбілік колледж аумағын абаттандыру шарасы ғана емес, сонымен қатар, балаларға азаматтық ұстанымдарын танытуға, қоршаған ортаны жақсартуға және достық қарым-қатынастарды нығайтуға зор мүмкіндік берді.
Ақпаратты дайындаған: Иргибаева Д.К.





