Тарихтың өшпес беттері.

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси репрессиялар кезеңі, тоталитарлық жүйенің  салдары –  Кеңес халқының, оның  ішінде Қазақстанның өткен саяси өмірі мен тарихындағы өшпестей орын алған ақтаңдақ  беттері  ретінде есте қалды. 1920-1950 жылдардағы ұлттық саясат пен саяси-экономикалық және ұлттық-этникалық факторлардың  ушығып кетуі  республикада әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соққан еді. Барша халықтың, мемлекеттің өмірінде мәңгі  ұмытылмастай, өшпейтін оқиғалар орын алды. Бұл оқиғаларға, оның тарихына ықыласпен қарауымыз  –  біздер үшін, бүгінгі немесе ертеңгі күндерімізде  жаңа қайғылы қателіктерді болдырмауымыздың айқын кепілі болмақ.  Саяси репрессия жылдарында жапа шеккен тұлғалардың есімдерін мәңгі есте  қалдыруда 31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын есте сақтау күні болып белгіленді.

Репрессия құрбандарын еске алу үшін  ХП-21 тобында «Тарихтың өшпес беттері» тақырыбында дәріс өткізілді. Негізгі мақсаты ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық апат туралы  айту,  саяси репресия құрбандарын еске алу және білім алушыларды  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу.

Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.

 

 

Ақпаратты дайындаған:

тарих пәнінің оқытушысы  

Ахметжанова Д.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
176 queries